Қызықты деректер

Топталып ұшқан қарға адамға қауіпті, шабуыл жасауы мүмкін.
Херофобия – көңіл көтеру кезін­де келетін түсініксіз қорқыныш.
Адамның сілекейінің темпера­турасы қайнап тұрған судың тем­пера­турасынан үш есе ыстық.
Ақ аю бір отырғанда 86 пинг­винді жеп қоя алады.
Дәрігерлер анықтағандай, жүрек талмасы көбіне дүй­сенбі күндері болады екен.
Сегізаяқтың жаңа туған баласының көлемі бүргеден үлкен болмайды.
Әуе шарымен бірінші болып аспанға көтерілгендер – үйрек, қой мен әтеш.
Уганда халқының 50%-ы 15 жасқа толмаған.
Араб әйелдері күйеулері кофе қайнатып бермеді деген себеппен ғана ажырасуға арыз бере алады.
Қытайда Facebook, Skype пен Twitter-ге тыйым салынған.
Титаник – SOS дабылын қолданған алғашқы кеме.
Шамамен 8000 американдық жыл сайын музыка аспабынан жарақат алады.
Көк киттің үлкендігі соншалық, оның қантамырымен кішкентай нәресте жүзіп жүре алады.
Бэн Ладен – 2011 жылы 1 мамыр­да, ал Гитлер – 1945 жылы 1 мамыр­да ажал құшқан.
«Colgate» тіс пастасы испан тілін­де «бар да, асылып қал!» деген мағы­на береді.
Жылына 1000-нан астам құс терезеге соғылып өледі.
Вафель пісіргішті ойлап тапқан адам вафельді жек көрген.
Параскаве­декатриа­фобия – жұмаға түскен
13-інің алдындағы қор­қы­ныш.
1998 жылы «Sony» компаниясы адамдардың денесін киімсіз көруге мүмкіндік беретін 700 000 бейнекамераны сатқан.
1964 жылы 17 жастағы Ренди Гарднер 264 сағат 12 минут ояу жүріп, рекорд орнатқан. Осыдан кейін ол 15 сағат ұйықтаған.
4 миллиард жыл бұрын Марста оттегі болған.
Авокадо жемісі құстар үшін у болып табылады.
Пілдің тұмсығында бірде-бір сүйек жоқ, есесіне 4000 бұлшықет бар.
Кеміргіштердің тісі өмір бойы жаңадан өсіп отырады.
«Есінеу» сөзін оқыған адамдардың көбі есіней бастайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.