14 жасар ғалым

АҚШ-тың Небраска штатындағы Бел­вью университетіне 9 жасында түсіп, 12 жасында веб-технология бакалавриатын бітір­ген Келтон Костис 14 жасында ақпа­рат­тық менеджмент бойынша магистрлік диссертациясын қорғады.

Қазір 14 жасар жас ғалым өзіне жұмыс іздеуде. Оның мақсаты – үкіметке немесе кибер­қауіп­сіздікпен және ақпараттық технологиялармен айналы­сатын компанияға қызмет ету. Бірақ, ол бұл жетістігімен тоқтап қалмай, тағы бір магистр­лік немесе докторлық дәреже алуды көздеуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.