Б.ТҰРЫС, актер; Тыйым көрмеген баладан тексiз шығады

Біз үлкенін ардақ­таған, салт-жорасын салмақтаған, дәстүрім – дәулетім, ғұрпым – ғұмырым, салтым – санам деп өскен текті ұлттың ұрпағы едік қой. Бүгінде салт-дәстүрмен санасудан гөрі заңнан ғана қорқу, сырт көзден ғана қаймығу басым. Дәстүрлі өмір салтымыздан жаңылып, ата-бабамыз қалыптастырған ұлтымыздың ең тамаша қасиеттерінің бірі болып табылатын адамдар арасындағы өзара кісілік, үлкен мен кішінің, туыс пен туғанның, жат пен жақынның, еркек пен әйелдің қатынас-қалыптарының шырқын бұзып алдық. Қазақтың кез келген ұлттық әдет-ғұрпында кісілік, адамгершілік, мейірім бар еді.
“Тыйым көрмеген баладан тексіз шығады. Тектеу адамды әдептілікке үйретеді”. Міне, қазақтың төл тәрбиесінің озық үлгісі. “Ұят болады” мен “обал боладыны” баласының санасына тәй-тәй басқаннан, алғаш былдырлай бастағаннан сіңіріп келген қазақ бүгінде тыйым мен тектеуді ұмытты. Қазіргі бала жалтақ қоғамның жағымпаз адамдарынан қандай тәрбие көріп отыр?

elana.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.