Бүкiл ғалам қаламсапта

Британдық суретші қыз Оливия Кемп өте үлкен көлемдегі суреттерді салумен айналысады. Ерекшелігі, өзі ешқашан болмаған Норвегия, Италия мен Шотландиядағы әдемі жерлер көрініс тапқан таңғажайып суреттерін қалай өмірге әкелгенін суретшінің өзі де білмейтін кездері көп.
Оливия өз суреттерін қарапайым қаламсаппен салады. Бір ауқымды суретін салып шығу үшін оның бірнеше ай еңбектенуіне тура келеді. Қаптаған майда бөлшектерден тұратын өте күрделі кескінді суретін салу кезінде Оливия өз-өзін ұмытып, трансқа ұқсас күйге түседі екен. Сондықтан, жұмысын бітіргенде, өз еңбегінің нәтижесіне кейде өзі де таңқалатын көрінеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.