Таза ауа сатылады

Фантаст-жазушылар болашақта өнер­кәсіптің ауаны ластайтыны соншалық, адамдар таза ауамен тыныстау үшін ақша төлеуге мәжбүр болатынын аз жазбап еді. Енді сол қиялдан туған болжам шынға айнала бастаған сияқты.
Таулы Алтайда кәсіпкерлер жергілікті ауаны сатумен айналысатын ком­пания­ның іргесін қалап та үлгеріпті. Таудың саф ауасы толтырылған баллондар қазір ауасы әбден ластанған Қытайға жөнелтілуде. Әрбір баллонның бағасы – 350 рубль, ол 120 рет тыныс алуға жетеді. Ресейлік кәсіпкерлер өз өнімдерінің өтімі жақсы болған соң, әртүрлі сергіткіш, емдік өсімдіктер иісі сіңген ауаларды сатуды да қолға алуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.