Сайрамда «жасыл экономика» шеңберінде екі жоба жүзеге асқан

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «Жасыл экономика» бағдарламасы аясында  өзен суы мен күн көзінен электр энергиясын өндіретін 2 жоба жүзеге асырылып отыр.

Баламалы энергия көзін жүзеге асырған «Ақсу Энерго» ЖШС-і өндірілген электр қуатын «Оңтүстік Жарық» компаниясына  жіберіп отырады.

Солардың бірі — Ақсу өзенінен электр энергиясын алатын гидроэлектр станса. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша іске асып отырған бұл станса 2,5 МВт  электр қуатын өндіреді.

Серіктестіктің екінші жобасы – күн көзінен электр энергиясын алу. Бұл үшін ол 2,5 гектар аумаққа күннен қуат алатын 4 мыңнан астам батарея орнатқан. Орнатылған күн панельдері мен өндірілген электр қуатын бір жерге топтастырып, ортақ трансформаторға жіберетін құрылғы Қытай елінен әкелінген. Өткен жылы күн көзінен 987,166 МВт болатын ток өндірілген. Жалпы электр стансасы сағатына 1 МВт электр қуатын өндіреді. Бұл шамамен 50 отбасыны жарықпен қамтуға жеткілікті.

Күн көзінен энергия алу іс жазды күні жанданса, гидроэлектр стансасы бұл мезгілде егістікті суару кезі болғандықтан жұмысын уақытша тоқтатады.

Өздеріңізге мәлім, биылғы Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің басты ұстанымы осы «Жасыл экономиканы» дамыту болып табылады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.