Криптовалюта туралы қызықты деректер

* Сатоши Накамото – биткоинді ойлап тапқан адамның не топтың атауы.
* 2015 жылы Сатоши Накамото экономика бойынша Нобель сыйлығына ұсынылған. Бірақ, оның кім екені әлі күнге белгісіз.
* Биткоинға жекелеген ұйымдар да, мемлекеттік органдар да бақылау орната алмайды.
* 2140 жылы соңғы биткоин өндірілетін болады. Барлық биткоиндар өндіріліп болған соң, майнерлер трансакция үшін табыс таба алады.
* Биткоиндардың 64%-ы ешқашан пайдаланылмаған, пайдаланылмауы да мүмкін.
* Ең ірі Bitcoin-стартаптар – Circle, Blockstream және Digital Asset Holdings.
* 2013 жылы Накова деген біреу ойын сайттарының бірінен 11 000 ВТС ұтып алған. Ол уақытта бұл $1,3 млн-ды құраған.
* Ең ірі биткоин-ферма Қытайдың Ляонин провинциясында орналасқан.
* 100 000 000 сатоши бір биткоинды құрайды.
* Bitcoin желісі 500 суперкомпьютердің қуатынан да күшті.
* Кипрдегі Никосия университеті – төлемақыны Bitcoin-мен қабылдаған алғашқы мекеме.
* Миллиардер Ричард Брэнсонның мәлімдеуінше, қазір 6 адамнан тұратын топ Virgin Galactic ғарыштық саяхат кемесінің бортынан өздеріне орын сайлап қойған. Олардың бәрі ғарышқа ұшу ақысын биткоинмен төлеген.
* Microsoft, Dish network Overstock, Dell, Expedia – бүгінде төлемді биткоинмен қабылдап отырған ірі компаниялар.
* 2017 жылдан бері биткоин Жапонияда ресми төлем құралы болып табылады.
* 2015 жылы Еуропалық сот биткоин операцияларын қосымша құн салығынан босатты.
* Bitcoin Сауд Арабиясында, Боливияда, Қырғызстанда, Эквадорда және Бангладеште заңсыз саналады.
* Бүгінде бір биткоиннің бағасы шамамен 4,5 млн. теңге тұрады. Бұл көрсеткіш күн санап өсіп барады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.