ТҮРКІСТАН: «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» ЭСТАФЕТАСЫ ШАРДАРА АУДАНЫНА ЖОЛ ТАРТТЫ

«Түркістан — Адалдық алаңы» Жобалық кеңсесімен бастау алған жастар арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жолды таңдаймыз» облыстық марафон эстафетасының туы таулы Төлеби ауданынан шағалалы Шардара ауданына салтанатты түрде табысталды. Жастар арасында өткен қорытындылау іс-шарасы «Біркөлік шатқалы» жазғы лагерінде жалпы 300 — ге жуық жастардың қатысуымен өтті. Ауданда алғаш рет өткен эстафетаны табыстау рәсімінде лагер тәрбиеленушілері өздері қолдан жасаған роботтотехникасымен, мальбертте және асфальтта салған фотосуреттерімен, сондай-ақ, қолөнер туындыларымен, 150 баланың топтасып билеген флешмоб биімен бөлісті. Іс — шараға арнайы қатысқан ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет)  Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары А.Абдраманов марафонға белсене қатысқан азаматтарға Алғыс хат тапсырды. Эстафета аясында өткен шарада кітап пен туды табыстаушы Төлеби аудан әкімінің орынбасары Р.Бейсебаева қорытындыласа, ал қабылдап алушы аудан Шардара ауданынан аудан әкімінің орынбасары Б.Шомпиев сеніп тапсырылған шараны аудандарында жоғары дәрежеде өткізетінін айтты. Айта кетейік, марафон Департаменттен бастау алып әрі қарай, Түркістан, Кентау қалалары мен Созақ, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Сайрам, Түлкібас және Төлеби аудандарында өтті. Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтуде, ал марафонның соңғы Форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсыкүрес күні қарсаңында өтетін болады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.