8-СЕКТОРДА 57 ҮЙ ТАПСЫРЫЛДЫ

Шығыс Қазақстан облысы мен Мақтаарал ауданы әкімдігіне бекітілген Арыс қаласының 8-ші секторында төтенше жағдайдан зардап шеккен жеке және көпқабатты тұрғын үйлерді қалпына келтіру, толықтай құрылыс жұмыстарын жүргізу ісі қарқынды жүріп жатыр. Қазіргі таңда 5 үйдің құрылысы қайтадан басталып, 437 үйге күрделі жөндеу жүргізілуде.

Құрылыс жұмыстарына Шығыс Қазақстан облысынан 12 құрылыс компаниясынан 500-ге тарта құрылыс мамандары тартылса, аталмыш сектордың тазалық жұмыстарына Мақтаарал ауданынан 50-ге жуық азамат жұмылдырылған.

Күндіз-түні тынымсыз жүргізілген жөндеу жұмымтарының нәтижесінде бүгінгі таңда 57 жеке тұрғын үйлер секторының күрделі жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, қайта қалпына келтірілді. Қолданысқа берілді.

Алдағы уақытта бекітілген жұмыс жоспарына сай қалған нысандардағы жөндеу жұмыстарын өз уақытында тәмамдап, тұрғындар игілігіне тапсыру көзделіп отыр.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.