«ТУҒАН ЖЕР» ЖОБАСЫ АРҚЫЛЫ СПОРТ НЫСАНДАРЫ КӨБЕЙІП ЖАТЫР

Түркістан облысында «Рухани жаңғыру»  бағдарламасының «Алтын ұям»  жобасы бойынша спорт нысандары көбейіп жатыр.  Бүгінде кәсіпкер әрі демеуші азаматтар туған ауылдарына жаттығу және футбол алаңдарын,  спорт кешендерін салуды жақсы үрдіске айналдырды. 2019 жылдың сәуірінен бері өңірде 10 спорттық нысан ашылып,  біреуі толық жөндеуден өткен. 

Мәселен, Сарыағаш ауданы, Ақжар ауылдық округінде спорт кешені салынса, Таскескен елді мекенінде шағын футбол алаңы ашылған. Бәйдібек ауданы, Кеңес елді мекенінде футбол, волейбол, баскетбол алаңы және балалар алаңшасы пайдалануға берілген. Сондай-ақ осы ауданда жабық футбол кешені жұмысын бастады. Ордабасы ауданы, Төрткөл елді мекенінде «Түзелбек ата» жабық спорт кешені ашылды. Оған демеушілер 20 млн. теңге көлемінде қаржы жұмсаған. Осы аудандағы Қарақұм және Бөген ауылдарында да спорт кешені мен футбол алаңы бой көтерді. Төлеби, Шардара аудандарында да спорт кешендері ашылды.  Түркістан облысы аумағында алдағы уақытта да «Туған жер» жобасы аясында осындай игі істер жалғасын табады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.