ЖҰЛДЫЗ ЖОРАМАЛ

29.07. — 04.08

Тоқты
Бұл аптада ақшадан біраз қы­сылуыңыз мүмкін. Жұмыста да қиындықтар бар. Ауыл шаруашылығымен айналысатындар табысты болмақ. Тез кіріс әкелетін күмәнді іске араласпаңыз. Әр қиындықтың бір қайыры бар, соны ұмытпаңыз.
Торпақ
Сізге қазір тым қатты қуануға да, шектен тыс уайымға берілуге де болмайды. Себебі, жүрегіңіз бен қантамырларыңыз әлсіз. Спортпен айналысу да қауіпті. Сондықтан, демалыс алып, жаныңыздың ты-ныштығын күйттегеніңіз абзал.
Егiздер
Бұл аптадағы басты шаруаңыз – баспана қамы болмақ. Құрылыс не жөндеу жұмыстары күтіп тұр. Денсаулығыңызға мұқият болыңыз. Жалғыз болсаңыз, айналаңызға көз салыңыз, әріптестеріңіздің бірі жар болуға әбден лайық.
Шаян
Шығармашылық қабілетіңізді кә­­сіби саламен ұштастыруға мүм­кіндік туады. Қызмет көрсетумен айналысатындарды жақсы табыс кү­тіп тұр. Апта бойы тапсы­рысшылар толастамайды. Дема­лыс­та қалаға­ныңызды сатып аласыз.
Арыстан
Денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Қанша жерден мықты бол­­­саңыз да, қазір қуатыңыз тө­мендейтін кезең, сондықтан әлдебір дертті жамап алуыңыз ғажап емес. Жұмыста табыссыз болмайсыз, де­генмен қарқынды азайтыңыз.
Бикеш
Апта ортасында романтикалық кездесу күтіп тұр. Бұл кездесу соңы некелік одаққа ұласуы ғажап емес. Тек тым қатты еркелеп, бәрін құртып алмаңыз. Әр ісіңіз бен сөзіңізге абай болыңыз. Үйде тұрмыстық жарақат алу қаупі бар.
Таразы
Сіздің қаржылық табысыңыз тікелей еңбекқорлығыңыз бен кәсібилігіңізге байланысты болмақ. Еш­кіммен дауласпаңыз және әріптестеріңізбен жақсы қатынаста болыңыз. Дәл қазір жұмыс ауыстыру ақылды адамның ісі емес.
Сарышаян
Бұл аптада жұмыстың көптігінен бір орында дамылдап отыру оңай бола қоймас. Дегенмен, уақтылы демалып, дұрыс тамақтанғаныңыз жөн. Бүйрек-қуық ауруы мазалауы мүмкін. Қауіпті спорт түрінен жа-рақат алу қаупі бар.
Мерген
Бірқалыпты өмірден жалығып, бір өзгерісті қаласаңыз, спортпен айналысуды бастаңыз. Күннің астында көп жүрмеңіз және жолда абай болыңыз. Жұмыста қосымша табыс не сыйақы күтіңіз. Қазір ешқандай іске ақша салмаған дұрыс.
Тауешкi
Қазіргі қаржылық тұрақтылығыңыз іскерлік серіктестеріңіздің адалдығына байланысты болмақ. Жұмыста аттың басын іркіп ұстап, ашуға ерік бермеңіз. Қаржылық алаяқтыққа араласпаңыз, заң алдында жауап беруге тура келеді.
Суқұйғыш
Кездесулер мен жолсапарларға толы апта. Соған қарамастан шаршауды білмейсіз. Тек бүйрек, өкпе мен тыныс жолдары сыр берсе, дереу дәрігерге жүгіріңіз. Жатпаңыз, көп серуендеңіз, суға түсіңіз, бақшада жұмыс істеңіз.
Балық
Кез-келген сапар сәтті болмақ.Сізді керемет қызықты кездесулер мен ерекше таныстықтар күтіп тұр. Өз қабілетін танытқысы келетіндердің айы оңынан туады. Тек әркімге көзсіз сене бермеңіз, бәріне әділ баға беріп үйреніңіз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.