БҮГІН АРЫСТЫҚТАР 100 МЫҢ ТЕҢГЕ ЖӘРДЕМАҚЫНЫ АЛДЫ

Бүгіннен бастап арыстықтар мемлекет тарапынан және қор арқылы жиналған қаражатты жәрдемақы түрінде ала бастады. Бүгін 58 мың Арыс қаласының әрбір тұрғыны өздеріне тиесілі 100 000 теңгені Халық банкінің банкоматы арқылы алып жатыр. 

Қазіргі таңда Арыс қаласындағы Орталық стадион жанындағы спорт мектебінде 8 банкомат орнатылған. Бұдан бөлек, қалада 10 банкомат бар. Қорға жиналған 5,8 млрд теңгенің 1,8 млрд теңге сомасын қазақстандықтар өз күштерімен жинаған болатын. Одан бөлек, 1 млрд теңге Түркістан облысы әкімдігінің бюджетінен және 3 млрд теңге қаражат республикалық бюджеттен бөлініп отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.