Ел Президенті экономикалық мә­­селелері бойынша кеңес өткізді

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экономикалық мә­­селелері бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.
Кеңес барысында биылғы 7 ай­­­дағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары ке­­­­ңі­­нен талқыланып, сарапқа салынды. Премьер-Министр Асқар Мамин, Ұлт­тық банк төрағасы Е.До­саев, сондай-ақ Еңбек және ха­­лық­­ты әлеуметтік қорғау министрі Б.Са­­парбаев ауқымды баяндама берді.
Алқалы жиынға қатысушылар отандық тауар өндірушілерді қолдау, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен тарифтер бағасының өсуін болдырмау, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, көп балалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымы мен жаңа оқу жылына дайындық мәселелерін жан-жақты талқылады.
Мемлекет басшысы ел эконо-микасының дамуына салмақты сер­­­пін беру мақсатында жаңа тә­­­­сіл­­д­ер ұсынудың айрықша ма­ңыздылығына тоқталып, бұл үшін Үкіметтің, Президент Әкімшілігінің және сарапшылар қауымдастығының үйлесімді жұмысы қажет екендігіне дәйекті дәлелдер келтіре білді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев күнделікті мәселелерге қатысты жедел шешім ұсынумен қа­­тар алдымызда халықаралық нарықтардағы теріс үрдістерді ескере отырып, экономиканың ортамерзімді келешектегі даму бағдарын айқындау міндеті тұрғандығын да айрықша атап көрсетті.
Бұл жиында Президент азамат­тардың тұрмыс сапасының төмен­деуіне жол бермеу үшін басты на­зарды олардың мүдделеріне, халық алдындағы барлық әлеуметтік мін­деттемелердің толық орындалуына назар аудару қажет екендігін дөп ба­сып көрсетіп берді..

«Қазақстан жолы» – ақпарат.

«Қазақстан жолы» газеті №31 (757) 17.08.2019

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.