МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ — ТҰРАҚТЫЛЫҚ, КӘСІБИЛІК, ІЛГЕРІЛЕУ

Дамуға бағытталған ел — барлық салада бәсекеге қабілетті мамандардан құрылатындығы анық.

Бұл ретте, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін шыңдау, олардың кәсіби деңгейін арттыру және қабілеттерін ескере отырып қызмет барысында ілгерілету аса маңызды болып табылады. 

2019 жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша Түркістан облысында мемлекеттік лауазымдар саны

– 7155, нақты саны – 6668, бос лауазымдар – 487 бірлікті құрайды.

Өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің орташа еңбек өтілі  — 9,6 жылды, орташа жасы – 38,2 жас құраған.

Сонымен қатар, жалпы қызметшілер санының 6238 немесе93,5% жоғары білімді,оның ішінде:

Ø    экономика және бизнес мамандығы бойынша – 2392 немесе 38,3 %;

Ø    құқық мамандығы бойынша – 1430 немесе 22,9 %;

Ø    техникалық ғылымдар және технологиялар мамандығы бойынша — 730 немесе 11,7 %;

Ø    білім мамандығы бойынша – 373 немесе 5,9 %;

Ø    ауылшаруашылығы мамандығы бойынша – 325 немесе 5,2 %;

Ø    денсаулық сақтау және әлеуметтік мамандығы бойынша – 231  немесе 3,7 %;

Ø    қалған мамандықтар — 757 немесе 12,1 %;

Бір жоғары білімінен артық білімі барлар саны – 1197 

«Болашақ» бағдарламасының түлектері – 10ҚР Мемлекеттік басқару академиясының түлектері – 20 құрайды.Бұл көрсеткіштер алдағы уақытта артады деп күтілуде, себебі ағымдағы жылы өңірден 2 қызметші академияға, 3 қызметші «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға оқуға түсуге мүмкіндік алды.  

Орта және арнаулы орта білімі бар қызметшілер саны – 430 (6,5%).

Өңірде мемлекетік қызметшілердің алға жылжуы оның қабілеттерімен, жетістіктерімен, еңбекқорлығымен анықталатын меритократия қағидаты оң іске асырылуда.

Атап айқтанда, есепті кезең қорытындысымен жоғары тұрған лауазымдарға ішкі конкурстар нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардан 242мемлекеттік қызметші жоғары лауазымдарға тағайындалды, бұл тағайындалғандардың жалпы санының 67,2 % құрайды.

Мемлекеттік қызметте меритократия қағидатын жүзеге асыру – қызметшілерді қызмет бабында ілгерілету, тең мүмкіндіктің және әділдіктің арқасында мемлекеттік қызметте қызмет баспалдағы бойынша қабілетті, білікті маманның жоғарылауына ықпал жасайды.

Бұл ретте, бос лауазымдарға өткізілетін конкурстың әңгімелесу кезеңіне мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйым өкілдерінің байқаушы және сарапшы ретінде қатысуы заңмен реттелген.

Мемлекеттік органдарға мамандарды іріктеуде ашықтық пен жариялылықты қамтамыз етуде бақылаудың орны ерекше.

Ағымдағы жылдың 6 айында облыс бойынша барлығы 1358 конкурс өткізілген, оның ішінде мемлекеттік органның қызметшілері арасындағы ішкі конкурс – 518 (қатысқаны үміткер 360, тағайындалғаны 248), барлық мемлекеттік органдардың қызметшілері арасындағы ішкі конкурс – 269 (қатысқаны үміткер 288, тағайындалғаны 112), жалпы конкурстар саны – 571 (қатысқаны үміткер 1096, тағайындалғаны 390).

Аталған конкурстардың дерлік барлық әңгімелесу кезеңіне байқаушылар мен сарапшылар қатыстырылған.

Алдағы уақытта, облыста еліміз бойынша алғаш рет бос лауазымдарға өткізілетін конкурстарға қатысатын байқаушылар пулы пилотты тәртіпте қалыптастырылуда.

Бұл өз кезегінде қоғамның мемлекеттік аппаратқа сенімін арттыруына және кемшіліктер мен заңбұзушылықтарды мерзімінде жоюға септігін тигізеді.

Оның құрамына аймақтағы барлық аудан және қала аумағынан 45 белсенді қоғам және бұқаралық ақпарат өкілдері енгізіліп отыр.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілерді қазіргі заманғы білім беру технологияларының және нәтижеге бағдарланған мемлекеттік басқару қағидаттарының негізінде оқыту жүйесі маңызды шара болмақ.

2019 жылға мемлекеттік қызметшілерді кәсібилендіру мен үздіксіз дамыту мақсатында өңірде барлығы 2261мемлекеттік қызметшіні оқыту жоспарланған.

Есепті кезеңде оқытылуы жоспарланған 1355 қызметшінемесе 60% оқытудан өткен. Оның ішінде аймақтағы барлық аудан және қала әкімдері оқыту курстарына қатысқан.

Агенттіктің 2017 – 2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының кәсіпқой мемлекеттік қызмет жүйесін қалыптастыру бағыты бойынша мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы (мемлекеттік қызмет жүйесінен шығу) қатаңбақылауға алынған.

Стратегиялық жоспардың 2019 жылға арналған өлшеміне  сәйкес, республика бойынша кадрлардың таза ауысымдылығы 7,4%-дан аспауы  қажет.

Ағымдағы жылдың алғашқы 6 айында мемлекеттік қызметшілердің таза ауысымдылығы облыс бойынша2,2% құраған немесе 158 қызметші өз еркімен жұмыстан босатылған.

Бүгінгі таңда, мемлекет мүддесін үшін қызмет етуді мақсат тұтқан мемлекеттік қызметшілердің тұрақтылығы мен кәсібилігін арттыру, оларды іскерлігіне орай қызмет бабында ілгерілету Агенттіктің негізгі бағыты болып қалады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.