ШЫМКЕНТ: 1100 оқушы мектепке дайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі «Мектепке жол» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Іс-шараға ҚМДБ Қайырымдылық және Уақып істері бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шымкент қаласы бойынша департамент басшысының 1-ші орынбасары Серікбаев Талғар Әбдінәбиұлы, Шымкент қаласы Абай ауданы әкімі Бұқарбай Парманов, Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Рысбай Исамуддин Наштайұлы, ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бейсенбаев Бақтыбай Қыдырбайұлы және ата-аналар қатысты.

Шымкент қаласына арнайы іс сапармен келген ҚМДБ Қайырымдылық және Уақып істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрдыбаев құттықтау сөз алып, өзінің және ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хезреттің құттықтау лебізін жеткізді.

Сондай-ақ, бөлім басшысы К.Тұрдыбаев жергілікті «Оңтүстік», «Айғақ», «Отырар», «Нар ТВ» және «Оңтүстік» радиосына және т.б. БАҚ өкілдеріне сұқбат берді.

Шара қатысқан мәртебелі қонақтар кезек-кезегімен сөз алып, ата-аналар мен оқушыларға өздерінің ақ тілектерін жаудырды.

Жалпы, Шымкент қаласы бойынша 1100 оқушыға мектепке қажетті сөмкелері мен құрал-жабдықтар табыс етілді. Жалпы соммасы 7 500 000 (жеті миллион бес жүз мың) теңге қаражатты құрайды.

Осындай игі бастамаға қолдау білдірген барша азаматтарға Алла разы болсын дегіміз келеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.