Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен Білім және ғылым министрлігі гранттардың бөлінуіне азаматтық бақылауды қамтамасыз етті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және Білім және ғылым министрлігі магистратураға түсудің әрбір грантын бақылауға алды.
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Парасаттылық департаментінің директоры Данияр Сабирбаев, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а.Дидар Смағұлова йтты.
Білім және ғылым министрлігі тестілеуді өткізу ережелерінің сақталуына бақылаушы ретінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлерін, арнайы мониторингтік топтардың мүшелерін, «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің өкілдерін, сондай-ақ БАҚ және жұртшылықтың басқа да өкілдерін тартты.
Кешенді тестілеу 10-14 тамыз аралығында 27 кешенді тестілеу пункті базасында өткізілді.
Барлық 27 пункт ұялы байланыс сигналдарын басушылар 298 құрылғы, 128 металл іздегіш, 298 бейне камерамен жабдықталған.
Қоғамды құйымдардың қатысуы студенттердің тыйым салынған заттарды (смартфондар, шпаргалкалар) пайдалану фактілерін азайтып, жалған адамдардың қатысуы, емтихан кітапшаларын шығару және т.б. жоққа шығарылды.
Тестілеуге қатысуға 30579 үміткер өтініш берді, бірақ тестілеуге тек 28131 адам ғана қатысты.
Барлығы 21000 – нан астам тыйым салынған заттар тәркіленді (20497-смартфон, 498 шпаргалка, 373 калькулятор).
Тестілеу кезінде 1021 адам тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылды, актілер жасалды және олардың нәтижелері жойылды.
Емтихан кезінде көшірумен ұсталған талапкерлер бұл — ЖОО-ның жағымсыз көрсеткіштерінің бірі.
Ақмола облысы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті – 5 (62%, барлығы — 8).
Ақтөбе облысы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті — 42 (93%, барлығы — 45).
Алматы облысы І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті — 12 (100%, барлығы — 12).
Атырау облысы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті -2 (50%, барлығы — 4).
Шығыс Қазақстан облысы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 21 (33%, барлығы — 63).
Батыс Қазақстан облысы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университеті – 5, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті – 5 (52%, барлығы — 19).
Жамбыл облысы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті — 2 (12%, барлығы -16).
Қарағанды облысы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті — 48 (38%, барлығы — 125).
Қостанай облысы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті — 34 (85%, барлығы — 40).
Қызылорда облысы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті — 17 (45%, барлығы — 38).
Маңғыстау облысы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті — 2 (18%, барлығы-11).
Павлодар облысы С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті — 51 (51%, барлығы — 100).
Солтүстік Қазақстан облысы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті — 14 (87%, барлығы — 16).
Түркістан облысы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-Түрік университеті — 4 (66%, барлығы — 6).
Нур-Султан Казахский агротехнический университет имени С.Сейфуллина — 20 (11%, барлығы — 180).
Алматы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – 61,Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті — 59 (48%, барлығы — 250).
Шымкент М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті — 46 (66%, барлығы – 69).

Брифинг соңында БАҚ өкілдеріне келешекте абитуриенттердің танымал әлеуметтік желілерде магистратураға тестілеуден өтуінің онлайн трансляциясын қарастырылатыны айтылды.
Бұл қоғамның онлайн режимде тестілеуді өткізу барысын бақылауға және талапкерлердің парасаттылық деңгейін айқын анықтауға мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.