Ең кішкентай домбыра

Әлемдегі ең кішкентай дом­быра қытайлық қа­зақ Болатбек Кәрімхан­ұлының қолынан шыққан. Домбыраның ұзындығы – 4,5 см, ені – 1,4 см, биіктігі – 1,2 см.
Бұл қос ішекті аспапты инемен шертіп, ойнауға болады. Дауысы дұрыс шығу үшін қаражиде ағашын алып, әрбір бөлшегін жеке жонып, бір-бірімен қиюластырған. Сырт пішіні қа­зақы ою-өрнектермен безендірілген. Тексерудің нә­ти­жесінде дом­быра барлық талапқа сай екені, онымен то­лыққанды күй ойнауға болатыны дәлелденген. Нәтижесінде ол Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Айта кетейік, әлемдегі ең үлкен – ұзындығы 7,5 м, шанағының кеңдігі – 1,8 метр келетін алып домбыраны да қытайлық қандастар жа­саған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.