Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің 240 салымшысы қоныс тойын тойламақ

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшыларына қойылатын талаптардың бірі — тұрғын үй бағасының 20%-ын депозитте жинау. Осыдан кейін банк баспананы жылдық 5 пайыз мөлшерлемемен сатып алу мақсатында жеңілдетілген несиені ұсынады.
Аумағы 57 шаршы метрді құрайтын 2 бөлмелі пәтердің құны – 7 980 000 теңге (бастапқы жарна 20% — 1 596 000 теңге; 8 жылға есептелген ай сайынғы төлем 44 422 теңгені құрайды, қалған 11 жыл 36 708 тг), аумағы 67 шаршы метрді құрайтын 3 бөлмелі пәтердің құны — 9 380 000 теңге (бастапқы жарна 20% – 1 876 000 теңге; 8 жылға есептелген ай сайынғы төлем 52 000 теңгені құрайды, қалған 11 жыл 43 125 тг ).
Банк салымшылары осы кезеңде «Нұрлы жер» бағдарламасына қатысып, тұрғын үйді сатып ала алады. Ол үшін baspana.kz порталына кіріп, ұнаған нысанды немесе пәтерді таңдап, өтініш беру қажет. Мұны 2019 жылдың 11 қыркүйегін қоса алғанда орындау керек.
«Банктің басты мақсаты – өз салымшыларын қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету. Біз бұл жұмысты үнемі жүргізіп отырамыз. Осы орайда, бізге жергілікті әкімдік қызметкерлері мен құрылыс компанияларының өкілдері де көмек көрсетуде. Нәтижесінде, біз клиенттеріміз үшін шаршы метрі 140 000 теңгелік 240 пәтерді ұсынғалы отырмыз. Жаңа үйлер Сырдария өзенінің сол жағалауында салынды», — деді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің Қызылорда қаласындағы филиалы директорының міндетін атқарушы Ілияс Журунов.
Мемлекеттік бағдарлама аясындағы тұрғын үйлер жеңілдетілген шарттармен сатылатындықтан, өтініш берушілерге төмендегідей талаптар қойылады.
Бұл:
— Қазақстан Республикасы азаматтығының немесе оралман мәртебесінің болуы;
— өтініш беру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында салымшының атына тіркелген тұрғын үйдің болмауы (өтініш берушінің өзі мен отбасы мүшелерін қоса алғанда)
— төлем қабілеттілігін растау.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан барлық құрылыс нысандары туралы ақпарат baspana.kz сайтында жарияланған. Аталған портал арқылы сіз өзіңізге қажетті қаланы таңдап, қандай нысандардың салынып жатқанын білуіңізге болады. Сондай-ақ, өтінім қабылдау мерзімін анықтап, тұрғын үй сатып алушылардың пулына қатысу мақсатында өтініш бере аласыз.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша баспана алғысы келетіндер санының көптігіне байланысты пәтерлер баллдық жүйе бойынша бөлінеді. Үй сатып алушылар пулына ең көп балл жинаған адамдар кіреді. Балл саны депозитті толтыру жиілігіне және оның мерзіміне байланысты. Яғни, салымшының шоты неғұрлым ертерек ашылып, тұрақты түрде толықтырылып отырса, онда оның балл саны да соғұрлым жоғары болады. Баллды есептеу процесі автоматтандырылған әрі айқын түрде жүргізіледі.
*  *   *   *   *
Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.