Жылқы туралы қызықты деректер

* Жылқыны бірінші болып, б.з.д. 5000 ж. Азияның көшпелі ха­лықтары қолданды.
* Аттың көзінің ра­диусы өте үлкен. Ол тіпті басын бұрмай, артында тұрған барлық нәрсені көре алады.
* Әлемдегі ең қымбат жылқы – Шариф биші. Ол араб шейхіне 40 миллион долларға сатылған.
* Жылқы күніне ке­мінде 25 литр су ішеді.
* Әлемдегі ең үлкен және ауыр аттың есімі – Сэмпсон, оның салмағы – 1,52 тонна.
* Жылдамдық рекор­ды Мексиканың айғыры Бех Ракитке тиесілі (69,6 км/с).
* Жылқы адамның дауысындағы эмоция­лар­ды байқай алады.
* Аңыз бойынша Ес­кендір Зұлқарнайынды (Александр Македон­ский) Буцефал есімді аты 9 рет өлімнен аман алып қалған. Ал шайқас кезінде аты өлгесін оның есімімен қа­ланы атаған.
* Аттарға ұйықтау үшін тәулігіне 4 сағат жетеді.
* Әлем бойынша жыл­қының шамамен 160 тұ­қымы бар.
* Араб аттары – ең қымбаты.
* Жылқының тістері – олардың жасын жә­не денсаулығын анықтай­тын құрал.
* Австралияда ар­хе­оло­гиялық қазба ке­зінде жылқы сүйектері табылмаған. Бұл құр­лыққа олар XVIII ға­сырда әкелінген.
* Жылқылар шамамен 25-30 жыл өмір сүреді. Ал Англияда дүниеге келген «Кәрі Билли» есімді ат 62 жыл өмір сүрген.
* Жылқыларда бес сезім органы өте жақсы дамыған: есту, көру, иіс сезу, дәм сезу, сезім түйсігі.
* Ежелде жауға қарсы қолданылған ең күрделі әдіс – тұяқтың соққысы. Бұл соққы адамды өлімге әкелуі мүмкін.
* Африка тайпала­рының сенімі бойынша, аттың тұяғынан мерт болған адам бірден жұ­маққа түседі.
* Жердегі жануарлар­дың барлығының ара­сын­да ең үлкен көз жылқыда.
* Құлын туылғаннан кейін бірнеше сағаттан соң жүгіре алады.
* Аттың сүйектерінің саны адамдыкінен 18 сүйекке артық.
* Жылқылар аузымен дем ала алмайды, сондықтан мұрны жабық болса, олар тұңшығып қалады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.