ТҮРКІСТАН: «НҰРЛЫ ЖЕР» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 231 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫНУДА

Түркістан облысында ағымдағы жылға «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша 231 мың шаршы метрді құрайтын 3 413 пәтерлі 64 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде, биыл жыл соңына дейін 177,6 мың шаршы метрлік 2 613 пәтерлі 50 тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Біз бірінші кезекте халықтың аз қамтылған бөлігін баспанамен қамтамасыз етуді жылдамдатуымыз керек. Бұл туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев ҚР Президенті Жолдауын іске асыруға арналған облыс актив жиынында мәлімдеді.

Ағымдағы жылы Түркістан облысы үшін тұрғын үйді пайдалануға тапсыру жоспары 550,6 мың шаршы метр, ал құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 102% болып белгіленді.
2019 жылы қаңтар-шілде айының қорытындысымен Түркістан облысы бойынша барлығы 2950 пәтер тапсырылды, оның ішінде: 136 пәтер -қызметтік тұрғын үй (7,7мың ш. м.); 840 пәтер — арендалық тұрғын үй РБ(56,5 мың ш.м.); 41 пәтер — арендалық тұрғын үй ЖБ (3,5 мың ш.м.); 1933 пәтер — жеке тұрғын үй құрылысы (268,7мың ш. м.).

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.