Яхтадағы арал

Yacht Island Design компаниясы миллиардерлерге арналған жаңа суперяхтасын ұсынды. Tropical Island Paradise, яғни «Тропикалық жұмақ арал» деп аталатын бұл яхтада ғажайып демалысқа қажеттінің бәрі бар.
Футуристік жылжымалы аралдың ұзындығы – 90 м, ал ең жоғары жылдамдығы – сағатына 30 шақырым. Оған тікұшақпен не катермен же­туге болады. Яхтада екі па­лу­ба, шағын бар, spa-салон, сабан шатырлы ла­шықтар және қолайлы бөл­мелер, шағын мүйіс тү­ріндегі хауыз, жағажай және тропикалық өсімдіктер бар. Ал ең әсерлісі, яхта­ның ортасынан алып «жанар­тау» атқылап, одан аққан су хауызға барып құйылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.