Қасқыр туралы қызықты деректер

Қасқыр жұбынан айырылса, басқа жұп құрмайды.
* Терісін тірідей сойып алсаң да, қыңсылап дыбыс шығармайды.
* Қаншығы, яғни құртқасы өмірінде бір-ақ рет бөлтіріктейді.
* Күшік кезінен асырасаң да, құйрығын бұлғаңдатып еркеле-мейді.
* Жазда тауға, қыста жазыққа ұмтылады.
* Бөлтіріктесе, жанындағы елді мекендердің малына шаппайды.
* Қазақ қасқырдың атын атамаған, құтырып кетеді деп, «ит-құс» деп атаған.
* Қасқырдың терісінен жасалған ішікті белсіздікке ұшырайды деп жас жігіттерге кигізбеген.
* Қасқырдың ішігін жамылған адамды боран болсын, ызғар болсын ала алмаған.
* Қасқырдың терісін 1-2 сағат бөстек қылып отырса, күні бойы дене қызып жүреді.
* Терісін аяқкиімге ұлтарақ қылып салса, табаннан еш суық өтпейді.
* Қазақ бөріні киелі деп, «пір» тұтқан. Тіпті көне заманнан байрағына көк бөрінің бейнесін бейнелеген.
* Қасқырдың жүрегімен баланы ауыздандырса, ол бала қасқырдай алғыр əрі тегін болмайды деп ырымдаған.
* Қасқырдың тісін, тырнағын адам баласы бойтұмар қылып тағып жүрсе, тіл-көзден ада болады деп ұққан.
* Әйелінің аяғы ауыр кезде ер адам түсіңде көк бөрі көрсе, онда ол текті бала туады жорыған.
* Қасқырдың нəжісі жатқан жерге бұралқы иттер, т.б. жоламайды.
* Қасқыр еш уақытта иттің күшігін бауырына баспайды, ал ит қасқырдың күшігін бауырына баса береді.
* Қасқырдың асығы мен иттің асығы бір-біріне ұқсамайды.
* Ұйлыққан қасқырды қазақ атпаған, өршеленіп кетеді деп ойлаған. Жазатайым атып қалса, екеуін де атып алуға тырысқан. Өйткені, біреуі аман қалса, сол күннен бастап сол ауылдың малына, жанына шабуыл жасаған. Атқан аңшының малынан бөлек бала -шағасын қырып кетуге тырысқан.
* Қасқырдың терісін илеп, қайнаған суға бірнеше рет салсаныз да, өзіне тəн иісі ешқашан да жоғалмайды.
* Қасқырды қазақ халқы ешқашан да азаптап өлтірмеген, киесінен қорыққан, құрметтеген. Егер де азаптап өлтірсе, жамандыққа ұшырайды немесе ұрпағына зиян келеді деп ойлаған.
* Өмірде қасқырдай айлакер, ұйымшыл, ақылды жыртқыш жоқ.
* Қасқыр қыста боранды күндері күніне 100 шақырымнан астам жортады.
* Аңшылар қасқыр аулауға шыққанда, мылтығының ұңғысының аузын жауып қоятын болған, себебі қасқырлар неше шақырымнан болса да мылтықтың иісін сезіп қояды.
* Қасқырдың тісі тиген, қасқыр талаған малды қайта қатарға қосылмайды деп сойып тастаған.
* Қасқыр малдың ұлығы – түйеге тиіспеген, киесін таныған. Егер де түйе шөгіп жатса, үстінен секіріп өткен.
* Қасқыр бір топ болып өтсе де, яғни үйір болып, бір ізбен жүрген, соқпақ жасамаған.
* Қасқырдың ішігін киіп атқа жақындаса, ат үркіп, мінгізбей қояды.
* Қасқыр дыбысты 10 шақырымнан естиді, иісті түгел ажырата алады.
* Қасқырдың жаңа туған бөлтірігін Соқыр, Майтабан, Қарақұлақ, Бөлтірік, Көксерек деп атайды, қатігезін Қорқау бөрі, кейде шөгел дейді.
* Терісін сыпырып алғаннан кейін де етіне шыбын-шіркей қонбайды, құрттамайды, иісін сезген бірде-бір аң еттің маңына да жоламайды, иттер қасқырдың өлексесі бар үйдің маңынан аулақ жүреді.
* Қасқыр ешқашан да өлексе етті жемейді, тек балғын жас етті жеген, ұстап алған жемтігімен ыстықтай қоректенеді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.