Әрқайсымыз мұны білуге тиіспіз!

Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасы тарапынан қала тұрғындары арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында терроризм актісінің алдын алу бойынша тиісті ақпараттарды ұсынады.

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының 1999 жыл­ғы 13 шілдедегі N 416-I Заңының 9-бабында Терроризмге қарсы іс-қи-мыл­да ҚР мемлекеттік органдарына жәр­дем­десудің міндеттілігі көрсетілген. Атап айтқанда:
1. ҚР мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдары терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға жәрдемдесуге және қажетті көмек көрсетуге міндеттілігі;
2. ҚР азаматтары дайындалып жатқан немесе жасалған терроризм актісі туралы мәліметтерді терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға дереу хабар­лауға міндеттілігі;
3. Дайындалып жатқан немесе жа­салған терроризм актілері туралы ақ­паратты мемлекеттік органдарға бе­ру азаматтық борышты орындау бо­лып бағаланады. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызмет­ті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мем­лекеттік орган сыйақы белгілейді және төлейді делінген.
Сондай-ақ, Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы ҚР 1999 жылғы 13 шіл­дедегі N 416-I Заңының 11-бабында террористік iс-әрекеттi анықтау, атап айтқанда:
1. Қазақстан Республикасының тер­ро­ризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдары тер­рористік iс-әрекеттi анықтауды Қазақ­стан Республикасының заңнамасына сәйкес өткiзетіндігі;
2. ҚР аумағындағы мемлекеттiк ор­гандар мен ұйымдар, террористік iс-әрекет белгiлерi бар барлық оқиғалар туралы терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын органдарға хабарлауға мiндеттi екендігі көрсетілген.
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 9 қара­шадағы N685 қаулысымен бекітілген «Терроризм актісін болғызбауға неме­се жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қа­ғидалары»
1. Жалпы ережелер
1. Осы терроризм актісін бол­ғыз­бауға немесе жолын кесуге кө­мектескен ақпарат үшін сыйақы бел­гілеу және төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) “Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы” 1999 жылғы 13 шіл­дедегі ҚР Заңы 9-бабының сәйкес әзірленді және 3-тармағына терроризм актісін болғызбауға немесе жолын ке­суге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібін айқын­дайды.
2. Сыйақы төлеу осы мақсатқа тер­роризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті (бұдан әрі – уәкілетті орган) тиісті қар­жы жылына мемлекеттік органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі.
2. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу тәртібі.
3. Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпа­ратты хабарлаған адамдарға уәкі­летті орган сыйақы төлейді.
Сыйақы бір рет төленеді және мынадай тәртіппен белгіленеді:
1) 2014 жылғы 3 шілдедегі ҚР Қыл­мыстық кодексі (бұдан әрі – ҚК) 255-бабының бірінші және екінші бөліктерінде көзделген терроризм ак­тісі туралы қылмыстық істер бойын­ша – 750 (жеті жүз елу) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК);
2) ҚК 255-бабының үшінші және төртінші бөліктерінде көзделген тер­роризм актісі туралы қылмыстық істер бойынша – 1000 (бір мың) АЕК.
Терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақ­паратты хабарлаған адам сыйақыдан бас тартқан жағдайда, уәкілетті орган­ның (аумақтық органына) тиісті өтініш береді.
4. Терроризм актісін болғызбауға не­месе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы беру, егер айыпты адамға қатысты:
1) 2014 жылғы 4 шілдедегі ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 255-бабының талабына сәйкес медициналық сипаттағы мәж­бүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысы немесе айыптау үкімі заңды күшіне енген;
2) ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9, 11 және 12-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыс­тық істі тоқтату туралы қаулы шыққан жағдайда төленеді.
5. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге кө­мектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы алу құқығы туындағаны туралы үш жұмыс күні ішінде ха­барлайды.
Терроризм актісін болғызбауға не­месе жолын кесуге көмектескен ақпа­ратты хабарлаған адам тұрғылықты жері бойынша аумақтық органға осы Қағидалардың 6-тармағының 2, 4 және 5-тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
6. Аумақтық орган осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес сыйақы алу құқығы туындаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды қалып­тастырады және уәкілетті органның төрағасы айқындаған уәкілетті орган­ның құрылымдық бөлімшесіне жібереді:
1) аумақтық органның қолдаухаты;
2) хабарлама талоны түбіртегінің көшірмесі;
3) заңды күшіне енген айыптау үкімі немесе медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сот қаулысының көшірмесі не ҚПК 35-бабы бірінші бөлігінің 9, 11 және 12- тармақшаларында көзделген негіздер бойынша қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмесі;
4) терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;
5) терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамның ағым­дағы банктік шоты көрсетілген екінші деңгейдегі банк анықтамасының түп­нұсқасы.
Адамның ағымдағы банктік шоты болмаған жағдайда, өзі кез келген екінші деңгейдегі банкте ағымдағы банктік шотын ашады.
7. Уәкілетті бөлімше барлық қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде олардың толықтығы мен дұрыстығын тексереді және терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға сыйақы төлеу туралы уәкілетті орган бұйрығының жобасын дайындайды.
Тексеру процесінде құжаттарды ре­сімдеуде кемшіліктер мен дәлсіздіктер анықталған кезде уәкілетті бөлімше осы Қағидалардың 6-тармағында көр­сетілген құжаттарды қателіктерді жою және онымен бір мезгілде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабар­лаған адамға сыйақы төлеуді кешіктіру себептері мен мерзімдері туралы ха­барлау үшін аумақтық органға қайтарады. Аумақтық орган кемшіліктер мен дәлсіздіктер жойылғаннан кейін он күн ішінде осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген құжаттарды уәкілетті бөлімшеге қайта жолдайды.
8. Уәкілетті органның сыйақы төлеу туралы бұйрығы шығарылғаннан кейін аумақтық орган сыйақы төлеу туралы бұйрық шыққан күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адам­ға қазынашылықтың аумақтық бөлімшелері арқылы оның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы банктік шо­тына сыйақыны төлеуді жүзеге асырады.
9. Аумақтық орган терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпаратты хабарлаған адамға белгіленген тәртіппен оның екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы заңнамада банктік шотына ақшалай қаражаттың аударылғаны туралы үш күн ішінде мәлімдейді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.