ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ КЛИНИКАЛЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРЛЕРІ ОТАНЫҢ ЖАҢА ӘДІСІН ҚОЛДАНДЫ

Облыстық клиникалық ауруханада алғаш рет лапароскопиялық технология әдісімен жарық (грыжа) емдеу ота түрі қолданылды. Ақмола облыстық клиникалық ауруханасының ота бөлімінің меңгерушісі Хасенов Руслан Ерсаинұлы жергілікті әріптестеріне екі күн бойы мастер класс өткізуде.  Қазіргі уақытта жарықтарды жою үшін лапароскопиялық технологиялар белсенді қолданылады. Ота шат және кіндік жарықтарынан айықтырады. Барлық лапароскопиялық араласу тек жалпы анестезиямен жүзеге асырылады. Аз ғана уақыт алады, әрі науқастың денесінде пышақ ізін қалдырмайды. Науқас екі тәуліктің ішінде ақ ауруханадан шығарылады. Науқас ағзасына ауыртпалық түсірмей, дәрігердің барлық кеңесін толық қадағалаған жағдайда, асқынулар өте сирек кездеседі.  Қазір мұндай емдеу әдісі медицина саласында өзінің тиімділігін дәлелдеп, кең қолданысқа ие болған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.