ТҮРКІСТАН: БАЛАЛАРДЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛТУ — ПАРАСАТТЫЛЫҚТЫҢ ЖАРҚЫН КӨРІНІСІ

Балаларға қоғам болып қолдау көрсету, мейірім сәулесін себу, әрі талабына тіреу болу – қоғамдағы ең қайырлы істің бірі.  Жасөспірімдердің жүрегіне жылу, жүзіне күлкі сыйлау – адам бойында кездесетін ең ізгі қасиет парасаттылықтың жарқын көрінісі.
Осыған орай, бүгін  Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінен бастау алған   «Мейірімділік нұры» акциясы шеңберінде «Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық қорғау органдары ардагерлерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұсынысымен «Chaplin’s Sport Club» спорттық алаңында шағын футболдан ашық турнир өткізілді.
Доп  додасының  негізгі мақсаты –  ересектер мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және балалардың өмірге деген ынта-жігерін арттырып, қоғаммен етене араласуға ықпал ету.
Спорттық шараға жалпы саны 6 құрама команда, оның ішінде Арыс қаласында орналасқан «Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылының» тәрбиеленушілері,  Сайрам ауданында орналасқан №68 С.Датұлы және №24 М.Махажанов атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынып оқушылары, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы және Шымкент қаласы бойынша Департаменттерінің қызметкерлері мен  құқық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.
Жарыс барысында өзара бақ сынасқан қарсылас командалар теңбіл допты тізгіндей жөнеліп,  үздік шабуылдар арқылы есеп ұпайын еселетуге тырысты.
Нәтижесінде, жасыл алаңда жүйріктік танытқан қос команда финалда сынға түсіп,  басты кубокты сарапқа салды.
Балалардың спорттық қызушылығын арттырған шағын футбол  соңында озық ойын өрнегін көрсеткен Сайрам ауданындағы С.Датұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары жоғары есептік көрсеткішке ие болып,    турнир жеңімпазы атанды.
Сондай-ақ, дара озған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері екінші орынды еншілесе, үздік үштікті Арыс қаласындағы балалар ауылының тәрбиеленушілері иеленді.
Алдағы уақытта да Департамент қызметкерлері «Мейірімділік нұры» акциясы аясында балалар ауылының тәрбиеленушілеріне  өңірдің тарихи орталықтары мен ойын-сауық орталықтарына экскурциялық кездесулер ұйымдастырып, оларды шаттық шуағына кенелтуге өз үлестерін қосатын болады.
 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.