ОБЛЫС ӘКІМІ АСТАНАДА ЕЛ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

Ақордадағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тікелей эфирде баспасөз конференциясын өткізіп, ел алдында есеп бергендей болды. Ол өңірдің экономикалық-әлеуметтік дамуы жәнге сан түрлі салада атқарылған жұмыстар туралы баяндай келіп:

«Ежелгі түркі әлемінің талбесігі – Түркістан Елбасының стратегиялық маңызы зор шешімінен кейін дамудың жаңа сатысына көтерілді. Бүгінде 2 миллионнан астам тұрғыны бар өңірдің тыныс-тіршілігі жаңаша қалыпқа еніп, облыс орталығы – Түркістан алып құрылыс алаңына айналды», — деді.

Ол бүгінде көне шаһарда өңір әкімдіктері, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері тарапынан 28 нысанның құрылысы қолға алынған. Әкімшілік-іскерлік орталығында облыс әкімдігінің, басқармалар ғимараттары мен Конгресс-холл және Медиа орталықтың, Нұр-Сұлтан алаңы, Қ.А.Яссауи мұражайы, оқушылар сарайы, стадион, музыкалық мектеп пен цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, олимпиадалық резервтегі спорт мектебі мен қалалық саябақ, туризм бағытындағы колледж және халыққа қызмет көрсету орталығы бой көтерсе, биыл 11 нысан пайдалануға берілетіндігін атап өтті.

Ал, әкімшілік-іскерлік орталықта жалпы 2351 пәтерлік 52 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға берілетіндігін сондай-ақ, Түркістан қаласын жасыл қалаға және ауа-райы қолайлы аймаққа айналдыру мақсатында шаһардың айналасында «Жасыл белдеу» қалыптастыру жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді.

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамыту тұрғысында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және су нысандары жобалары іске асырыла бастады. Мәселен, Түркістан қаласы аумағында 11 мың гектар алқапта азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ағын су тапшылығын жою мақсатында су нысандары құрылысын жүргізуге үлкен басымдық беріліп отыр. Агроөнеркәсіп кешені саласындағы «Түркістан агро» инвестициялық жобасы аясында облыста егісті алқапты жаңбырлатып суаруға мүмкіндік беретін машина трактор станциясы құрылуда. Осы мақсатта АҚШ-тан 18 бірлік суару машинасы және 27 ауылшаруашылығы техникасы сатып алынған.

Жалпы құны 1,5 млрд. теңгеге жуық қыруар жұмыс «Қазагрофинанс» АҚ-ның тарапынан лизингілік шарт негізінде несиелендірілуде. Жоба аясында «1200 басқа арналған тауарлы сүт фермасы» жобасы іске асырылуда. Айта кету керек, қазіргі таңда Түркістан облысында 9 индустриалдық аймақ құрылған. Аудан, қалаларда қаланған индустриалдық аймаққа 455 гектар жер бөлінген. 7-іне инфраструктура тартылған. Жалпы құны 41 млрд. теңгені құрайтын 60-қа жуық жоба аясында үш жарым мыңнан астам адам жұмыспен қамтылмақ.

Түркістан облысында 2019 жылдың 8 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 370,2 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда106,1%-ды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 447,5 млрд теңгеге, инвестиция көлемі 248,9 млрд. теңгеге жеткен. Пайдалануға берілген тұрғын үйдің алаңы 424 мың шаршы метрді құрайды.

“Ақорда”.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.