ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ҚЫРЫҚ ҮШІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Жиынға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев, Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Серікбай Ибадуллаев, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, маслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысты.

Алтыншы шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу, Түркістан қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын бекіту, Түркістан облысы Түркістан қаласының Бас жоспары, Түркістан облысында жерлеу және қабірлерді қарап-күту ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы мәселелер қаралды. Сессияда қаралған мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.

«Бюджет тұрақтылығын нығайту қажет. Негізгі мақсатымыз – кіріс бөлігін толықтыру көзін табу. Түркістан облысының бюджетін барлық облыстармен тең санаған дұрыс емес. Себебі, Түркістан облысы жаңадан құрылып жатыр.  Осыған түсіністікпен қарағанға алғысымды білдіремін. Қазір таңда өздеріңіз білесіздер, облыс та, Түркістан қаласы да алып құрылыс алаңына айналған. Биылдың өзінде қаладағы 11 нысанның құрылысы аяқталып, пайдалануға береміз деп отырмыз», – деді облыс әкімі Ө.Шөкеев.

Сондай – ақ аймақ басшысы «Түркістан – 2050» даму стратегиясы аясында жоспарлы түрде жұмыс жүргізудің маңыздылығын айтты. Өңірдің әлеуметтік нысандарын дамытып, газ, ауызсу, жарық және жылумен қамту, өңірді көгалдандыру секілді сан алуан саланы қамтитын кезек күттірмейтінін маңызды мәселер жайлы нақтылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.