БІЛІКТІ ҰСТАЗ – БИІК МӘРТЕБЕ

Жуырда Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің құрылғанына 20 жыл толуына орай “Жоғары білім берудегі интернационализация және инновация” тақырыбындағы Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Соңғы онжылдықта жаһандану үдерістерінің дамуын көрсететін жетекші тренді жоғары білімнің интернационализациясы екені белгілі. Оған тек жекелеген университеттер немесе ұйымдар ғана емес, тұтас мемлекеттер де қосылды. Бұл таңқаларлық емес, өйткені білім беру жүйесінде ол мамандарды даярлау сапасына айтарлықтай әсер етіп, жеміс бере бастады. Жетекші мамандарды тарту арқылы оқытушылардың біліктілігін арттыру курстары – бұл жоғары білім беру саласында қойылған мәселелерді шешу жолдарының бірі.

Осы конференция аясында университетте “ІТ-технологиядағы танымның жалпылама моделі” және “Психологиялық кеңес беру негіздері. Инклюзия жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерді бейімдеудің психологиялық технологиялары” тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстары өткізілді. Курстар Ресей мен Украинаның жетекші мамандары, К.Д.Ушинский атындағы Ярославль мемлекеттік педагогикалық университетінің Математикалық талдау, математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры. А.Жохов пен  М.П.Драгоманов атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің Теориялық консультативтік психология кафедрасының доценті О.Гриньеваның қатысумен өткізілді.

Біліктілікті арттыру курстарына университеттің профессор — оқытушылар құрамы (33 адам) қатысты.

Ал “Психологиялық кеңес беру негіздері. Инклюзия жағдайында ерекше білім беру қажеттілігі бар студенттерді бейімдеудің психологиялық технологиялары” тақырыбындағы біліктілікті арттыру курсына барлығы 51 профессор-оқытушылар құрамы қатысып, оның ішінде Академик А.Қуат-бекова атындағы ХДУ, Шымкент, “Мирас”, Сырда­рия, Халықаралық SILKWAY университеттерінен және Түркіс­тан облысының басқа да ЖОО-ларының және колледждердің оқытушылары мен психологтары қатысты.Өткізілген біліктілікті арттыру курсының қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы сертификаттар табысталды.

М.ТУРТАЕВ,

“Болашақ” инновациялық ғылыми-зерттеу институтының директоры, э.ғ.к., профессор.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.