АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРДІ ТІРКЕУ ӨТІНІШТЕРІН ЭЛЕКТРОНДЫ ҚАБЫЛДАУ

Мемлекет саясаты халыққа көрсетілетін қызметтерді толығымен автоматтандыруға бағытталған. Қазіргі таңда ҚР Әділет министрлігі тарапынан АХАТ саласындағы қызметтерді тек электронды нысанда көрсету кеңінен қолға алынды. «Электронды Үкіметті» дамыту Әділет органдарының негізгі міндеттерінің бірі болғандықтан, бізде бұл салаға ерекше басымдық беріледі.

ҚР Әділет министрінің 17.04.2015 жылғы №219  бұйрығымен бекітілген «Азаматтық хал актілерін тіркеу және апостильдеу» мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының талаптарына сәйкес,  өтініштерді «Электронды Үкімет» порталы арқылы тек баламалы негізде тіркеу көзделген. Көрсетілетін қызмет түрлеріне тоқталсақ, олар: тууды тіркеу, неке қиюды тіркеу, некені бұзуды тіркеу (тек ерлі-зайыптылардың өзара келісімі бойынша), тегін, атын, әкесінің атын өзгерту жатады. Бүгінде осы қызмет түрлерін электронды тіркеу жұмыстары жүріп жатыр.

Н.ОРАЗҚҰЛОВ, Қаратау аудандық әділет басқармасының курьері.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.