ОБЛЫСТЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ МАҚТААРАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

Түркістан облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Әмірдин Әлішев Мақтаарал ауданына арнайы іс-сапармен келіп, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерімен семинар-кеңес өткізді. Ондағы мақсат – Әдеп кодексі заңнамаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң бейнесін қалыптастыру мақсатында пікір алмасу болатын.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков, аудан әкімі аппаратының бөлім басшылары мен мамандары, дербес бөлім басшылары және кенттер мен ауылдық округтің әкімдері қатысты.

Жиын барысында Әмірдин Мұхиденұлы мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы беделін арттыру, қызмет барысындағы қарым-қатынас мәдениетін сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзбеушілік мәдениетін қалыптасыру бағытында келелі әңгімелер айтты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.