ЕҢ ҚЫМБАТ ШЫРША

Әлемдегі ең қымбат шырша биыл Испанияның Марбелья қаласындағы Kempinski Bahia қонақүйінде орнатылды. Жаңажылдық ағашқа ілінген әшекейлердің бағасы 14 млн. долларды құрайды.

Шыршаға әлемдегі ең қымбат дизайнер Дебби Уингхемнің қолынан шыққан 500 ойыншық ілінген. Олардың кейбірі Bulgari, Cartier, Van Cleef & Arpels және Chanel тәрізді әйгілі брендтердің шикізаттарынан жасалып, бағалы тастармен және металдармен безендірілген. Олардың арасынан төрт караттық жақұт, үш караттық гауһартас орнатылған ойыншықтарды және 24 караттық алтын алқаны кездестіруге болады. Басқа да ірілі-ұсақты бағалы тастар жетіп-артылады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.