БҰЗЫЛМАЙТЫН АЛМА

АҚШ-та тоңазытқышта бір жыл сақталса да бүлінбейтін алманың жаңа сұрпы сатыла бастады. Ғалымдар бұл сұрыпты шығаруға 20 жыл уақытын жұмсаған.

Cosmic Crisp деп аталатын алманы Вашингтон университе-тінің ғалымдары ең алғаш 1997 жылы Honeycrisp және Enterprise сұрыптарын будандастыру арқылы алған. Осы сортты селекциялау бағдарламасын басқарған Кейт Эванстың айтуынша, алманы тоңазытқышта 10-12 ай сақтау кезінде өзінің қызыл түсі мен керемет дәмін өте баяу жоғалтады. Қазіргі уақытта штатта осы алманың 12 миллион түп ағашы егілген. Алайда лицензия жүйесінің қатаң талабы оны Вашингтон штатынан басқа жерде өсіруге рұқсат бермейді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.