МЕГАПОЛИСКЕ ЖАҢА ӘКІМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Күні кеше қала әкімі қызметінде жарты жылдай болған Е.Айтахановтың орнына Әтенов Мұрат Дүйсенбекұлы тағайындалды. Ол бұған дейін қала әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен және қалалық мәслихаттың келісімімен жаңа әкімді қала активіне ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Ерлан Қошанов таныстырды.

Мұрат Дүйсенбекұлы Әйтенов 1981 жылы 30 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келді.

2004 жылы С.М. Штеменко атындағы Краснодар әскери институтын «Ұйымдастыру және ақпаратты қорғау технологиясы» мамандығы бойынша бітірген. 2011 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін «заңтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Астана қаласында 2004 жылы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы арнайы байланыс бөлімінің кезекшілік ауысымының аға инженер-бастығы болып бастаған.

2006-2008 жылдары – ҚР ПІБ «Астана-Өнім» АҚ шаруашылық ауласының меңгерушісі. 2008-2010 жылдары – ҚР ПІБ ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімнің өндірістік қызметті үйлестіру секторының сарапшысы.

2010-2012 жылдары – ҚР Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2012-2013 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі.

2013-2016 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасының аппарат басшысы лауазымына тағайындалды.

2016-2019 жылдары ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары, 2019 жылғы желтоқсаннан бері Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Дегенмен мегаполис мәртебесін иеленіп, биылғы жылы ТМД мемлекеттерінің мәдени астанасы атанып отырған ірі қаланы басқарудың да оңай еместігі ақиқат. Біз де жаңа басшы М.Дүйсенбекұлының жауапты қызметке келуімен құттықтай отырып, алдағы жұмысына сәттілік тілейміз.

«Қазақстан жолы» газетінің редакция ұжымы.

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.