ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 27 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ТЕГІН ЫСТЫҚ ТАМАҚПЕН ҚАМТЫЛҒАН

Түркістан облысы бойынша 746 мемлекеттік жалпы орта мектепте 409 971 (98,3%) оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылған. Оның ішінде 27 368 балаға тегін ыстық тамақ берілуде. Атап айтқанда, облыста әлеуметтік тұрмысы нашар отбасынан шыққан 1-4 сыныптың — 11 833 оқушысы (100%), 5-11 сыныптың — 15 535 оқушысы (100%) ыстық тамақпен қамтылуда.
Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы №320 Қаулысына сәйкес, 905 жалпы орта мектепте 28 656 бала тегін буфеттік тағаммен қамтылған. Бұдан өзге, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты 20 мектеп-интернаттың асханаларын жаңғырту және пайдалануға беру бойынша -іріктеу жұмыстары толықтай жүргізілді. Жекеше әріптесті айқындау тікелей келіссөздер тәсілімен жүзеге асырылуда.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.