АУДАН ӘКІМІНЕ ЖАҢАЖОЛДЫҚТАР «ЖАҚСЫ» ДЕГЕН БАҒА БЕРДІ

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы Жаңажол ауылдық округінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындардың алдына шығып, атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады. Жиын барысында округ тұрғындары көкейде жүрген мәселелі сұрақтарын қойып, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

Жаңажол ауылдық округі аудан орталығы Мырзакент кентімен көрші жатқандықтан, өткен жылы мұнда абаттандыру, көгалдандыру мен көріктендіру жұмыстары қарқынды түрде жүрген. Атап айтқанда, елді мекендердегі ағаштар бұталып, аялдамалар, көпірлер, қоршаулар, электр бағаналары әктеліп, Мырзакент – Жетісай бағытында орналасқан паннолар ретке келтірілген. Ақжол ауылының орталық көшесіне қоршаулар қойылып, жаңадан жарық шамдар орнатылған.  Сондай-ақ, Жеңіс елді мекенінен 1,6 гектар жер теліміне абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жүріп, қоршау жасалынған.

2019 жылы Өргебас және Жеңіс елді мекендерінің ауыз су жүйелеріне қайта құру жұмыстары жасалыпты. Сонымен қатар, 2 көше асфальттеніп, 10 көшеге тас төселген. Нұрлыжол елді мекенінен өтетін аудандық маңызы бар KXMR-38 жолының 1,8 шақырымына күрделі жөндеу жұмыстары жасалып,  І-ші кезеңі аяқталған. Үстіміздегі жылы Арайлы және Өргебас елді мекендерінде 200 орындық 2 мектептің құрылыс жұмыстары жүргізілген.

Жаңажол ауылдық округінің 1850 гектар аумағы «ПУИД-2» бағдарламасына еніп, қазіргі таңда каналдарды бетондак, қашыртқыларды тазарту, тік дренаждар қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.

Айта кетейік, есептік жиын барысында Жаңажол ауылдық округінің тұрғындары негізінен газ, ағын су, ауыл шаруашылығы мәселелерін көтерді. Аудан әкімі тұщымды жауабымен жиынға қатысушылардың көңілінен шығып, жаңажолдықтар тарапынан «жақсы» деген баға алды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.