АУДАН БАСШЫСЫ ИІРЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЕСЕП БЕРДІ

Ел Президентінің Жарлығына сәйкес, аудан әкімі Асанов Бақыт Насырханұлы Иіржар ауылдық округінің тұрғындарына 2019 жылы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Ең алдымен есептік кездесуде 2019 жылы атқарылған жұмыстар туралы бейне-ролик көрсетілді. Мұнан соң аудан басшысы тұрғындардың алдына шығып, атқарылған жұмыстар туралы кең көлемде баяндама жасады. Жиын барысында округ тұрғындары көкейде жүрген мәселелі сұрақтарын қойып, аудан басшысы тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

Иіржарлықтарға газдың ауылы алыс емес. Округке қарасты 9 елді мекенді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ құжаттары дайындалып, облысқа қаражат бөлдіруге жіберілген. Қаржы бөлінген жағдайда, биыл газдың құрылыс жұмыстары басталады.

2019 жылы 3 көшеге асфальт, 5 көшеге тас төселген. Сондай-ақ, биыл Азат елді мекені мен С.Рахимов елді мекенінің аралығында оқушылар жүретін 3,5 шақырым жерге аяқ жол салу жоспарланып отыр.

Округке қарасты Шапағат елді мекенінің ауыз су жүйелерінің құрылысына 27 миллион теңгеден астам қаржы бөлініп, өткен жылы құрылыс жұмыстары басталған. Иіржар елді мекенінде жер асты су қорына іздеу-барлау жұмыстары жүргізіліп, қорытындысы алыныпты. Сонымен қатар, С.Рахимов және Азамат елді мекендерде жер асты су қорын іздеу барлау жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ-ы облысқа ұсынылған.

2019 жылы Иіржар округіндегі Мақтажан және Наурыз елді мекендерінде медициналық пункттердің құрылысы басталған.

Айта кетейік, есептік жиын барысында Иіржар ауылдық округінің тұрғындары негізінен газ, ағын су, жол, мектеп мәселелерін көтерді. Аудан әкімі тұщымды жауабымен жиынға қатысушылардың көңілінен шығып, тұрғындап тарапынан «жақсы» деген баға алды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.