Электронды өтініш беру

Егер мемлекеттік органға шағым, арыз не ұсыныс жазғыңыз келсе, оны онлайн істеуге болады. Әдеттегідей, egov.kz порталы – сіздің басты көмекшіңіз.

ЭЦҚ-ңыз болса, керекті мемлекеттік органға өтінішті жазып қана қоймай, орындалу мәртебесін бақылап, берілген жауапты да көруге болады.

  • Бұл үшін:
  • Порталға кіріп, авторизациядан өтіңіз
  • «Электронды өтініштер» сервисін таңдаңыз
  • Мәліметтеріңізді енгізіп, өтінішіңізді қалдырыңыз
  • ЭЦҚ-мен қол қойып, мемлекеттік органға жолдаңыз

Заңды не жеке тұлғалардың жазған өтініші бойынша жауап 15-30 күнтізбелік күн (қосымша ақпарат қажет болған жағдайда ұзартылуы мүмкін) аралығында қаралады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.