«ТҮРКІСТАН» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІМЕН МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

«Түркістан» ӘКК» АҚ – да (бұдан әрі – Қоғам) Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті өкілдерінің және Қоғам қызметкерлерінің қатысуымен кеңес отырысы өтті. Кездесуде өңірдің инвестициялық мүмкіндіктері, даму әлеуеті және жүзеге асырылып жатқан жобалар талқыланды.

Басқарма төрағасы Айгүл Ахмеджанова өз сөзінде Агенттік басшылығына Қоғамның инвестициялық және әлеуметтік жобаларды іске асыру шеңберінде ашықтық деңгейін арттыру жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу бастамасын қолдағаны және жедел іске асырғаны үшін алғысын білдірді.

«Жемқорлық – Қазақстанның ғана емес, қазіргі заманның үлкен проблемаларының бірі. Мемлекет басшысының 2019 жылғы 13 маусымдағы шешімімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қайта құрылып, басым бағыттар айқындалды. Бүгін біз қоғам басшылығы бастамашылық жасаған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қоюға қуаныштымыз, бұл компанияның жұмыста жауапкершілігі мен ашықтығын көрсетеді», – деп атап өтті агенттік департаменті басшысының орынбасары Асанұлы Ғанижан.

Айта кету керек, қол қойылған меморандум негізінде тараптар Агенттік жүзеге асырып жатқан «Protecting business and investments» жобасы аясында ынтымақтастық туралы келісімге келді. Сондай-ақ, Қоғам қызметкерлерін оқыту, бизнес жобаларды консультациялық сүйемелдеу жоспарлануда.

Сонымен қатар, кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бейнероликтері көрсетіліп, қоғам қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Кеңес қорытындысы бойынша тараптардың одан әрі ынтымақтастығы мен тығыз жұмыс жасауы күтілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.