БИЗНЕСТІ ҚОРҒАУ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТТІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРЫНЫҢ БІРІ

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл өзекті мәселе болып табылады. Бұл тұрғыда бизнесті заңсыз араласудан қорғауға ерекше көңіл бөлінеді.

Осыған байланысты, «Protecting Business and Investmens» жобасын жүзеге асыруаясында «Shymkent» ӘКК алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің бизнес-қоғамдастықпен кездесуі өтті.

Өңірлік инвесторларымен кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Асхат Жұмағали кәсіпкерлікті кешенді қорғауды қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар, А.Жұмағали инвесторларды шенеуніктер тарапынан заңсыз көріністерге қарсы іс-қимылда бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Өзіне бизнесті ашық жүргізу жөнінде міндеттемелер алуды және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне төзбеушілік саясатына бейілділікті білдіретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы келісімге қосылу инвестор үшін жалғыз шарт болып табылады.

Іс-шараға кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы С.Компаниец, кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Д.Дармен, «Kazakh Invest» АҚ қалалық филиалының директоры И.Капойлов, бизнес және БАҚ өкілдері қатысты.

Бизнестің маңызды мәселелерін талқылаудан бөлек, іс-шара барысындаинвесторлармен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімдер жасалды.

Бүгінде қалалық Департамент жалпы сомасы 60 млрд. теңгеге жуық соманы құрайтын 30 жобаны сүйемелдеуді жүзеге асырады.

Жалпы Қазақстан бойынша 12 трлн. астам сомаға отандық және шетелдік инвесторлардың 412 жобасы сүйемелдеумен қамтылған, оның 1/3 шетелдік инвестициялар құрайды.

 

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.