КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ СЫБАЙЛАСТЫҚ КӨРІНІСТЕРІНІҢ ТУЫНДАМАУЫ – БАСТЫ НАЗАРДА

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған облыстық ақпараттық-ағартушылық Штаб мүшелері қоғамда жемқорлыққа қарсы мүлдем төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен кездесті.

Ағартушылық бағытта өрбіген келелі шараның негізгі мақсаты — парасаттылық құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Ұлттық кодты, соның ішінде адалдық принципін жаңғырту арқылы жемқорлық кеселінен арылтуға бағытталған жиынға облыстық ақпараттық-ағарту Штабының мүшелері Айдос Абпазов пен Ерұлан Тұңғышбаев қатысып, жеке кәсібін нәсіп қылуға бекінген азаматтарға адал қызмет көрсету қажеттігін тілге тиек етті.

Пайдакүнемдіктен алшақ болуға үндейтін басқосуда А.Абпазов сөз алып, жиынға қатысушыларды ел болдашағы үшін қоғамдық кеселдің туындауына жол бермеуге және қазақ қоғамының ары таза азаматтары болуға шақырды.

Сондай-ақ, Агенттік жұмысының ашықтығы мен тиімділігін түсіндіріп, тұрмыстық жемқорлықты жоюда азаматтық белсенділік танытудың маңыздылығына айрықша тоқталып өтті.

Шара соңында үгіт-насихаттық топ өкілдері кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандарының талап-тілегіне құлақ түріп, бірқатар түйткілді сұрақтарына нақты жауап берді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.