ТҮРКІСТАН: АДАЛ БАСШЫ — ПАРАСАТТЫ ҚЫЗМЕТКЕР

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бас маманы Төлегенқызы Гүлмира облыстық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментімен ұйымдастырылған семинарға қатысты.

 Жемқорлық көріністеріне жол бермеуді мақсат еткен жиынның баяндамасы мен арнайы әзірленген бейнероликке қалалық/аудандық басқарма басшылары мен департамент қызметкерлері куә болды.
 Кездесудің негізгі мақсаты — ұжым арасында сыбайлас жемқорлық пен құқықбұзушылықтарды болдырмау және алдын алу арқылы елде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету, заңға енгізілген жаңа нормаларды түсіндіру.
 Гүлмира Төлегенқызы басшыларға мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылатынын, әрбір мемлекеттік қызметші немесе басшы мемлекеттік қызметке келгенде өзіне үлкен жауапкершілік жүктелетінін ата өтіп, басшы адал болса — қызметші парасатты болатынын назарға алды.
 Оқыту семинарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және қызмет бабын пайдаланып сыйлық алып, бергендерге жаза бар екенін жан-жақты түсіндірілді.
 Сондай-ақ, Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шараларға тоқталып, әлеуметтік дертпен күрес жүргізуді әрбәр қызметкер өзінен бастау керектігін айтып, қызметшілерді әдепті және қарапайым болуға шақырды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.