ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ 670 МЫҢ ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Түркістан облысында былтыр 620,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ол дегеніміз — 5879 пәтер. Ал биыл қаржыландырудың барлық көздері арқылы 670 мың шаршы метр тұрғын үйді тапсыруды жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық Құрылыс басқармасының басшысы Тоқтар Үсіпәлиев мәлімдеді.
Сонымен қатар, 2019 жылы 198 инвестициялық жоба іске асырылып, 100-і пайдалануға берілген. 98 нысан құрылысы 2020 жылға өтпелі. Өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында 111 нысан құрылысы жүрді. Атап айтқанда: 64 тұрғын үй, 24 кредиттік тұрғын үй, 23 инженерлік инфрақұрылым нысаны.
«Басқарманың ағымдағы жылғы жоспары — 70 жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу, 117 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, оның ағымдағы жылы 81-і пайдалануға беру жоспарланса, 36 нысан құрылысы 2021 жылға өтпелі болады. Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру бойынша 2020 жылы облыста 30 нысанның құрылысы жүргізілуде. Жыл қорытындысымен 28 нысан пайдалануға тапсырылады. Облыс бойынша 2020 жылдың 1 қаңтардағы есебімен 37 084 отбасы тұрғын үй кезегіне тіркелген, оның ішінде: көпбалалы отбасы — 6522, осал топқа жататындар – 18 834», — деді Тоқтар Оразұлы.
Түркістан қаласын дамыту бойынша ағымдағы жылы 2020 жылдың қыркүйек айында әкімшілік-іскерлік орталығында қалған 11 нысанның құрылысы пайдалануға тапсырылатын болады. Атап айтқанда, Басқармалар ғимараты; Департаменттер ғимараты; Конгресс орталығы;Медиаорталық; Нұр-Сұлтан алаңы; Оқушылар сарайы; Стадион; Цифрлық кеңсе; Бассейні бар спорт кешені; Смарт сити байланыс желілері; Қалалық саябақ атракционымен.
Сонымен қатар, қазір Дендросаябақ, Бульвар, 900 орындық мектеп және 7 инженерлік инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Рухани-мәдени орталықта қалған 4 нысанның құрылысы толық аяқталып, пайдалануға тапсырылатын болады. Атап айтқанда: Драма театры; Ғылыми-әмбебап кітапханасы; Ұлы дала елі орталығы; Қ.А.Яссауи мұражайы. Сондай-ақ, «Ұлы Жібек жолы» қолөнер шеберлер орталығы, Тұңғыш Президент саябағы, Н.Назарбаев аллеясы (Арбат) және «Керуен сарай» кешенінің құрылысы жүргізілуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.