ТҮРКІСТАН: 109 CALL-ОРТАЛЫҚҚА МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚОҢЫРАУ ТҮСТІ

Елміздегі төтенше жағдайға байланысты 23 наурыздан бастап Түркістан облысы әкімдігінің жанынан тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беру үшін арнайы Call–орталық ашылған болатын. Бүгінде бұл орталық 109 нөмірі арқылы тәулік бойы 24/7 форматта тұрғындардан қоңыраулар қабылдап жатыр. Қазірдің өзінде орталық 1000-ға жуық қоңырау қабылдап үлгерген. Оның басым бөлігінде тұрғындар төтенше жағдайда еліміз бойынша қозғалу, әрекет ету, азық-түлік бағаларын білу, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін анықтау, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге берілетін мемлекеттік көмек туралы сауалдармен хабарласыпты. Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде жауап жолдауға жұмыс істеуде.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.