ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР «БІЗ БІРГЕМІЗ» АКЦИЯСЫНА ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСТЫ

Елімізде төтенше жағдай жарияланғалы бері Түркістан облысында түрлі жобалар мен акцияларды қолдап, қайырымдылық көрсетіп жатқан жомарт жандар саны күн санап артып келеді. Жақсылыққа жаны құмар осындай азаматтар аудан,қалаларда тұратын аз қамтылған, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін үлестіруде. Рамазан айындағы игілікті істен Ордабасы аудандық полиция басқармасы да шет қалған жоқ. Олар Елбасының бастамасымен қолға алынған «Біз біргеміз!» акциясын қолдап, аудандағы әлеуметтік көмекке зәру отбасылардың үйлеріне барып, азық-түлік пен күнделікті тұтыну заттарын таратты.
Аталған қайырымдылық шарасын ұйымдастырушылар халықтың әлеуметтік тұрғыдан аз қорғалған бөлігіне көмек қолын созу арқылы қиын-қыстау кезеңде мейірімділік пен ізгілікті жоғалтпауды мақсат ететіндіктерін айтады.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», демекші, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлерінің көмегіне алғысым шексіз. Осындай қиын- қыстау сәтте көмек көрсеткен баршасының дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілеймін. Жақсылықтары Алладан қайтсын!»,- дейді Шұбарсу ауылының тұрғыны, көп балалы ана Қ.Ешбаева.
«Елімізде өтіп жатқан «Біз біргеміз!» қайырымдылық іс- шарасын Ордабасы аудандық полиция бөлімінің ұжымы қолдап, аудан көлеміндегі тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратып, өз көмегімізді көрсеттік. Мұндай қолдау көрсету шаралары алдағы уақытта да өз жалғасын табады», — дейді аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Ғалымжан Қуашбаев.
Көмек алған отбасылар полцейлерге ізгі тілектерін білдіріп, ақ жаулықты аналар ақ батасын беріп, алғыс айтты.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.