ТҮРКІСТАН: КАРАНТИН КЕЗІНДЕ ҚАЛА КӨШЕЛЕРІНДЕ ЖҮРІП-ТҰРУҒА РҰҚСАТ БЕРЕТІН ЧАТ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Түркістан облысында жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген карантиндік режим кезінде облыс аумағында жүріп-тұруға рұқсатнама беретін ботты чат іске қосылды. Яғни, «Telegram» әлеуметтік желісіндегі «Smart Turkistan Bot» чаты арқылы тіркеліп, рұқсат алған компаниялар мен оның қызметкерлері және автокөліктері қала аумағында кедергісіз жүре алатын болады.
Қала аумағында жүріп-тұруға рұқсат алу үшін аталған чатта мекеменің БИН номерлері мен қызметкерлердің ЖСН номерлерін және автокөліктің мемлекеттік тіркеу номерін енгізе отырып тіркеуден өту керек. Рұқсатнамаға алу үшін өтінішті мекемелердің бірінші басшылары ғана бере алады. Сондай-ақ, компания қызметкерлеріне берілетін рұқсатнаманың саны шектеулі. Егер белгіленген лимиттен асып кетсе, автоматты түрде өтініш қабылданбайды.
Сонымен қатар, «Smart Turkistan Bot» чаты арқылы кез-келген компанияда немесе оның қызметкерінде қала аумағында жүріп тұруға рұқсаты бар-жоғын тексеруге болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.