ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА СЕЛДЕН ҚИРАҒАН ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысы, Төлеби ауданында нөсерлі жауын салдарынан су шайған үйлер бой көтеруде. Апатты деп танылған 38 баспана толық сүріліп, бүгінде 28-нің іргетасы қаланған. Құрылысшылар бірнеше үйдің қабырғасын қалауға кірісіп кеткен. Жергілікті деңдейдегі төтенше жағдай салдарынан қиындыққа кез болған тұрғындар көп ұзамай баспаналарына қайта оралатын болады. Құрылыс жұмыстарын шілде айына дейін аяқтау жоспарлануда.

 

Құрылыс жұмыстары аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тұрақты бақылауында. Қайта салынып жатқан үйлердің құрылысымен төтенше жағдайға қатысты құрылған комиссияның төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев танысып қайтты. Ол мердігерлермен кездесіп, құрылыстың сапалы атқарылуы бойынша бірқатар тапсырмаларды жүктеді.

 

Толассыз жауған нөсер жауынның салдарынан Төлеби ауданындағы  өзендердің су деңгейі көтеріліп, 6 елді мекендегі 200-ден астам тұрғын үйлердің ауласына су кірген болатын. Төтенше жағдайдың зардаптарын жою жұмыстары шұғыл түрде қолға алынған. Соның арқасында су шайған 4 көпірге екі тәуліктің ішінде өткелдер орнатылып, 32 шақырым арық-атыз тазартылды. 3,5 мың қаппен арық ернеулерінің деңгейі көтеріліп, 4,2 шақырым қашыртқы қазылды. Қазір аудан тұрғындары үшін ешқандай қауіп жоқ.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.