ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ АРЫСТАҒЫ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫС АЛАҢДАРЫНДА БОЛДЫ

Арыс қаласында көпқабатты тұрғын үйлер құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев 60 пәтерлі жаңа баспаналардың құрылыс алаңында болды. Аймақ басшысы құрылыстың сапасына және мерзімінде аяқталуына мән берді. Осыған орай мердігерге нақты тапсырмалар жүктеді.

 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтерген 5 қабатты үйлер алдағы күзде тұрғын үй кезегінде тұрған арыстықтарға тапсырылады. Жаңа көпқабатты баспаналар Көктем-2 тұрғын ауданында салынуда. Арыс қаласында биыл бұдан басқа тағы 60 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы басталған. Жаңа баспаналар келер жылы пайдалануға беріледі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.