ТҰРҒЫНДАРДЫҢ АРЫЗЫ БОЙЫНША ЖОЛ САПАСЫНА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы аясында қалада мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен салынып жатқан жолдардың сапасына бақылау жүргізілуде.

Рейдтік шара Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Жол активтері ұлттық сапа орталығының қалалық филиалымен, Арнайы мониторингтік топпен бірлесе ұйымдастырылуда.

Кезекті шараның ұйымдастырылуына әлеуметтік желілердің бірінде Ақниет мөлтек ауданындағы Шарайна көшесінде салынып жатқан жолдың сапасына қатысты тұрғындардың жазбасы себеп болды. Ұйымдастырушылар осыдан бір апта бұрын тұрғындармен, мердігер компания өкілдерімен жүздесіп, олардың шағымдарын тыңдап, салынып жатқан көшенің сапасын тексерген болатын.

Нәтижесінде  құдықты жол жабынының жоғары белгісіне дейін көтерілмегендігі, жүк көлігінің жаяу жүргіншілер жолынан жүру салдарынан асфальт жол жарамсыз болып қалғаны, бірінші қиылыста жол жиегі жағынан жалпы ауданы 30 м2 жол жабынының қалыңдығы сәйкес келмейтіндігі және көлденең түйісі тегіс еместігі анықталды.

Мердігер компанияға кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар беріліп, кемшіліктердің қалпына келтіру барысына қайта мониторинг жүргізілді.

Ұйымдастырушылар көшедегі жолдың сапасына қатысты тағы да бірқатар кемшіліктерді жеткізіп, олар жойылмайынша тапсырыс беруші тарапынан жол қабылданбайтындықтарын жеткізді.

Айта кетейік, жобаның мақсаты автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау кезінде жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу болып табылады.

Ағымдағы жылы Жоба аясында 7 рейдттік іс-шаралар өткізіліп, 61 стандартқа сәйкес емес кемшіліктер анықталып, қорытындысымен құзырлы органдарға хаттар жолданды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.