ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТА ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРҒА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Түлкібас ауданында кезекті рет залалсыздандыру шаралары өтті. Атап айтқанда, 16 маман мен 1 дана арнайы техника аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын Рысқұлов және Жантұров көшелерінің бойындағы 5 шақырымға жуық аяқ жол мен аялдамаларға және орталық базар мен сауда үйлерінің кіре берістеріне залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді.
Бүгінде Түлкібас ауданында дезинфекция жұмыстарын аудан әкімдігі тарапынан бекітілген кестеге сай, тиісті мекемелер жүзеге асыруда. Аудан орталығында халық көп шоғырланатын аумақтарды залалсыздандыру тәулігіне 2 рет 11-көше (3200 ш.м) мен 6 аялдамаға (1200 ш.м) дезинфекциялау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Сонымент қатар, ДСУ мөлтек ауданы мен Пушкин көшесінде орналасқан көпқабатты үйлердің кіреберістері мен аула аумақтары, жаяу жүргіншілер өтпелерінің таяныштары, тротуарлар, балалар және спорт алаңдары, ашық ауада орналасқан орындықтар дезинфекцияланып жатыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.