Ерлан Саиров, саясаттанушы: Өте өкінішті және сорақы…

Өкінішке орай, вирус ауылдарды да жаулап алды. Ауылдарда жағдай күннен-күнге күрделеніп барады. Қалада аптека, аурухананың инфрақұрылымы біршама бар болса, ауылдағы медицина инфрақұрылымы мүшкіл екендігі анық.

Сонан кейін, ауылдағы туған-туыс әлеуметтік желі, мессенджерді көп пайдаланбайды. Ақпарат легі тежелген. Ал дәрі-дәрмек, фельдшерлік пункттер тапшы, болғанның өзінде укол, дәрі жағы жұпыны.

Жағдай өте күрделі. Облыс, аудан әкімдері өздерінің толық қауқарсыздығын көрсетті. Құдды әкімдер бір әлемде, халық бір әлемде өмір сүретін тәрізді. Қай облыстың әкімінің жүріс-тұрысына қарасаң, бәрі жайма-шуақ, дәрі жеткізілген, ауруханалар барлық қажетпен толық қамтылған. “Солар Марста тұра ма?” деген сұрақ туады.

Облыс әкімдерінің жұмысын қоғамдық деңгейде бақылауға алатын күн жетті. Істей алмайсың ба, жұмыстан кет, принцип оңай және әділетті.

Кейбір әкімдер, өздерінің жүріс-тұрысымен “кейінгі Брежневті” еске түсіреді.

Өте өкінішті және сорақы…

Abai.kz

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.